... Издали, в лесном коридоре, оно показалось веселое и нарядное, сияющее необыкновенно чистой и ровной желтизной. Я подошел поближе: это было заброшенное поле, давно не паханное и не сеянное, и теперь густо заросшее какими-то невысокими растениями-кустиками. От них вдруг дохнуло приятным горьковато-цветочным ароматом. «Да это сурепка, — вспомнил я когда-то читанный ботанический атлас, — что-то вроде сорняка...».
Свежий ветер пробежал над живым ковром, все поле заиграло и запереливалось золотистыми волнами, которые докатывались до затененной солнцем стены леса, образуя удивительный контраст темно-зеленого и ярко-желтого. «Будто драгоценная чаша в малахитовой оправе» — мелькнуло сравнение.
Высоко в знойном июньском небе парил коршун. Жара предвещала грозу. Над западной частью горизонта уже темнела громадная туча, набухая дождем. И только в зените неровные, быстро смещающиеся края облаков ослепительно сверкали расплавленным серебром, источая нестерпимый свет. Ветер усиливался, все соцветия сурепки быстро раскачивались, будто исполняя какой-то экзотический танец.
Звенело, страстно и не переставая, множество невидимых глазу жаворонков. Будто перед грозой пели и цветы, и лес, и это далекое от человеческих селений поле. Но вот теплые серые комочки упали откуда-то с неба и зависли над кустиками золотистой сурепки. Некоторые жаворонки вились над самым полем, перепархивая от цветка к цветку и наполняя окраину неумолчным пилением. Другие, часто трепеща крылышками, поднимались вертикально и зависали метрах в четырех-пяти над землей и также громко славили жизнь.
Предгрозовые облака громоздились по всему небу, кое-где иссиня-розоватые, будто раскаленные изнутри, и я увидел, что над лесом осталось лишь небольшое голубоватое окно, из которого прямым широким водопадом прорывались к земле лучи, заливая теплым мягким светом все летнее благоухающее цветение. А в напряженном, наполненном электричеством воздухе беззвучно бушевала метель из летящего вокруг осинового пуха. Но вот где-то оглушительно ударил гром, и первые крупные капли дождя шумно хлестанули по золоту цветов сурепки. В тот миг, когда пришел ливень, вдруг показалось, что вся живая природа свободно и облегченно вздохнула, что все деревья, растения, птицы и звери обрадовались сверкающему, всполошному, сотканному из толстых водяных струй, дождю.
До нитки промокший, один среди затуманенного и вдруг притихшего, словно бы придавленного стихией поля, я также молча наслаждался упоительным счастьем человека, которому один, от силы два раза в году дано увидеть и ощутить прекрасное смятение в природе. | Көз ұшында, орманда жалғыз аяқ жолмен келе жатсам, көз көрінер жерде теп-тегіс, мөп-мөлдір, алтындай жарқыраған бір сағым мұнарлайды. Жақындай келе, оның біраз уақыттан бері орылмаған, игерілмеген, әлдеқандай аласа бойлы бұталар жайлаған алқап екеніне тәнті болдым. Бір кезде, мұрныма гүлдің аңқыған жұпар иісі жетті. "Иә, бұл сарабас гүліне ұқсайды, - деген ой келді маған, ботаника пәнінің атласынан көргенім есіме түсіп, - арамшөп тектес өсімдік". Кілем тәріздес алқап үстін салқын самал лебі есіп өткенде, қанық жасыл түс пен ашық сары түстердің алма-кезек ауысуларының нәтижесінде пайда болған алтын толқындар көз жетер көкжиекке дейін билей жөнелді. "Құдды бір малахитпен қапталған тостаған тәрізді" - деген ой келді маған. Маусымның аптап ыстығында әуеде қарақұс қалықтайды. Ауа-райының күрт өзгеретінінің белгісі. Батыста көкжиектен нөсерлетіп қара бұлт көріне бастады. Жөңкіген бұлт күн көзімен шағылысқан сәтте, балқытылған күміс секілденіп, көз шыдатпастай шағылысыды. Жел күшейе түсті. Сарбасшөп гүлшоғыры тап бір экзотикалық би орындап жатқан секілденіп, теңселе жөнелді. Бозторғайлардың сансыз тобы дамылсыз, құмарлана ән салып жатты. Найзағай аралас нөсер алдында орман да, гүлдер де, адам баласы аяқ баспаған мына алқап та өздерінше әуендетіп жатқан секілді. Міне, жып-жылы күміс моншақтар төгіліп, сарбасшөптің бұтақтарының арасында сіңіп, жоқ болып жатыр. Бозторғайлардың кей тобы алқаптың устінде, бір бұтақтан екінші бұтаққа қона жүріп әндерін құйқылжытады. Басқалары қанаттарын үстін-үстін қағып, тіп-тіке төбеге самғап, төрт-бес метрдей қашықтықта әуеде қалықтай жүріп, осынау тіршілікті мадақтайды. Ішінен қыздырылғандай, кейде көгілдір-қызыл түспен көрінетін,төбені көмкерген қара бұлт қалыңдай түсті. Жаздың жұпар иісі аңқыған өсімдік әлеміне шұғыласын төккен, көктегі бұлттардың арасынан жалғыз терезені көзім шалды. Есесіне, ширыққан, электр тогы жайлаған ауада ақ мамықтарды үйіре жөнелген құйын пайда болды. Бір кезде, құлақ жарардай екпінмен күн күркіреп сала берді. Артынан бұршақ аралас жаңбыр алтын түстес гүлдерге тамшылай бастады. Нөсер жаңбыр төгіп кеп бергенде, барлық талдар, өсімдік атаулы, құстар мен аңдар шелектеп құйған жауынға әрең жетіп, қуанып, жеңіл күрсінгендей болды. Үсті-басым малмандай су бола тұра, әлгі құбылыстан мысы басылғандай, күңгірттенген, мүлгіген тыныштық орнаған алқапта тұрған мені жылына көп дегенде екі-ақ рет келетін табиғаттың осынау таңғажайып құбылысын тамашалау мәртебесі тек өзіме ғана бұйырғандығын сезінген тәтті ойдан кеудемді айтып жеткізгісіз шаттық керней жөнелді. |