Competition in this pair is now closed. Discussion and feedback about the competition in this language pair may now be provided by visiting the "Discussion & feedback" page for this pair. Entries may also be individually discussed by clicking the "Discuss" link next to any listed entry. Source text in Russian ... Издали, в лесном коридоре, оно показалось веселое и нарядное, сияющее необыкновенно чистой и ровной желтизной. Я подошел поближе: это было заброшенное поле, давно не паханное и не сеянное, и теперь густо заросшее какими-то невысокими растениями-кустиками. От них вдруг дохнуло приятным горьковато-цветочным ароматом. «Да это сурепка, — вспомнил я когда-то читанный ботанический атлас, — что-то вроде сорняка...».
Свежий ветер пробежал над живым ковром, все поле заиграло и запереливалось золотистыми волнами, которые докатывались до затененной солнцем стены леса, образуя удивительный контраст темно-зеленого и ярко-желтого. «Будто драгоценная чаша в малахитовой оправе» — мелькнуло сравнение.
Высоко в знойном июньском небе парил коршун. Жара предвещала грозу. Над западной частью горизонта уже темнела громадная туча, набухая дождем. И только в зените неровные, быстро смещающиеся края облаков ослепительно сверкали расплавленным серебром, источая нестерпимый свет. Ветер усиливался, все соцветия сурепки быстро раскачивались, будто исполняя какой-то экзотический танец.
Звенело, страстно и не переставая, множество невидимых глазу жаворонков. Будто перед грозой пели и цветы, и лес, и это далекое от человеческих селений поле. Но вот теплые серые комочки упали откуда-то с неба и зависли над кустиками золотистой сурепки. Некоторые жаворонки вились над самым полем, перепархивая от цветка к цветку и наполняя окраину неумолчным пилением. Другие, часто трепеща крылышками, поднимались вертикально и зависали метрах в четырех-пяти над землей и также громко славили жизнь.
Предгрозовые облака громоздились по всему небу, кое-где иссиня-розоватые, будто раскаленные изнутри, и я увидел, что над лесом осталось лишь небольшое голубоватое окно, из которого прямым широким водопадом прорывались к земле лучи, заливая теплым мягким светом все летнее благоухающее цветение. А в напряженном, наполненном электричеством воздухе беззвучно бушевала метель из летящего вокруг осинового пуха. Но вот где-то оглушительно ударил гром, и первые крупные капли дождя шумно хлестанули по золоту цветов сурепки. В тот миг, когда пришел ливень, вдруг показалось, что вся живая природа свободно и облегченно вздохнула, что все деревья, растения, птицы и звери обрадовались сверкающему, всполошному, сотканному из толстых водяных струй, дождю.
До нитки промокший, один среди затуманенного и вдруг притихшего, словно бы придавленного стихией поля, я также молча наслаждался упоительным счастьем человека, которому один, от силы два раза в году дано увидеть и ощутить прекрасное смятение в природе. | Winning entries could not be determined in this language pair.There were 3 entries submitted in this pair during the submission phase. Not enough votes were submitted by peers for a winning entry to be determined.
Competition in this pair is now closed. | Көз ұшында, орманда жалғыз аяқ жолмен келе жатсам, көз көрінер жерде теп-тегіс, мөп-мөлдір, алтындай жарқыраған бір сағым мұнарлайды. Жақындай келе, оның біраз уақыттан бері орылмаған, игерілмеген, әлдеқандай аласа бойлы бұталар жайлаған алқап екеніне тәнті болдым. Бір кезде, мұрныма гүлдің аңқыған жұпар иісі жетті. "Иә, бұл сарабас гүліне ұқсайды, - деген ой келді маған, ботаника пәнінің атласынан көргенім есіме түсіп, - арамшөп тектес өсімдік". Кілем тәріздес алқап үстін салқын самал лебі есіп өткенде, қанық жасыл түс пен ашық сары түстердің алма-кезек ауысуларының нәтижесінде пайда болған алтын толқындар көз жетер көкжиекке дейін билей жөнелді. "Құдды бір малахитпен қапталған тостаған тәрізді" - деген ой келді маған. Маусымның аптап ыстығында әуеде қарақұс қалықтайды. Ауа-райының күрт өзгеретінінің белгісі. Батыста көкжиектен нөсерлетіп қара бұлт көріне бастады. Жөңкіген бұлт күн көзімен шағылысқан сәтте, балқытылған күміс секілденіп, көз шыдатпастай шағылысыды. Жел күшейе түсті. Сарбасшөп гүлшоғыры тап бір экзотикалық би орындап жатқан секілденіп, теңселе жөнелді. Бозторғайлардың сансыз тобы дамылсыз, құмарлана ән салып жатты. Найзағай аралас нөсер алдында орман да, гүлдер де, адам баласы аяқ баспаған мына алқап та өздерінше әуендетіп жатқан секілді. Міне, жып-жылы күміс моншақтар төгіліп, сарбасшөптің бұтақтарының арасында сіңіп, жоқ болып жатыр. Бозторғайлардың кей тобы алқаптың устінде, бір бұтақтан екінші бұтаққа қона жүріп әндерін құйқылжытады. Басқалары қанаттарын үстін-үстін қағып, тіп-тіке төбеге самғап, төрт-бес метрдей қашықтықта әуеде қалықтай жүріп, осынау тіршілікті мадақтайды. Ішінен қыздырылғандай, кейде көгілдір-қызыл түспен көрінетін,төбені көмкерген қара бұлт қалыңдай түсті. Жаздың жұпар иісі аңқыған өсімдік әлеміне шұғыласын төккен, көктегі бұлттардың арасынан жалғыз терезені көзім шалды. Есесіне, ширыққан, электр тогы жайлаған ауада ақ мамықтарды үйіре жөнелген құйын пайда болды. Бір кезде, құлақ жарардай екпінмен күн күркіреп сала берді. Артынан бұршақ аралас жаңбыр алтын түстес гүлдерге тамшылай бастады. Нөсер жаңбыр төгіп кеп бергенде, барлық талдар, өсімдік атаулы, құстар мен аңдар шелектеп құйған жауынға әрең жетіп, қуанып, жеңіл күрсінгендей болды. Үсті-басым малмандай су бола тұра, әлгі құбылыстан мысы басылғандай, күңгірттенген, мүлгіген тыныштық орнаған алқапта тұрған мені жылына көп дегенде екі-ақ рет келетін табиғаттың осынау таңғажайып құбылысын тамашалау мәртебесі тек өзіме ғана бұйырғандығын сезінген тәтті ойдан кеудемді айтып жеткізгісіз шаттық керней жөнелді. | Entry #17966 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
15 | 3 x4 | 1 x2 | 1 x1 |
| ...Алыстан, орман дәлізінен қарағанда ол жайдары, көркем, әрі таңғажайып сары түске еніп құлпырып тұрғандай болып көрінді. Мен оған жақындап бардым. Қарсы алдымда тұрған жазықтық - біраз жылдан бері егіс тұқымы себілмеген, ендігі қалың өскен аласа шөп-шаламның мекеніне айналған тастанды егістік болып шықты. Ауада шөптен тараған дала гүлінің ашқылтым иісі аңқып жатты. "Мынау кышабас қой, - дедім кезінде оқыған ботаниканы жадыма түсіріп, - арамшөп тектес өсімдік...". Жанды кілемді жағымды жел тербеп өткен бойда өріс бойы жайқалып, алтын түсті толқындар қою көлеңке бойлаған орман шегіне тіреле, қою жасыл мен ашық сары түстің керемет үйлесімділігін паш етті. Көрініске көз тіккен бойда қиялым "бейне бір зүміретпен көмкерілген алтын тостаған іспеттес" - деп сыбырлағандай. Маусымның ми шыжғырған аптап аспанында лашын құс қалықтап қанатын жайған. Ыстықтың артынан жауын келері аян еді. Көкжиектің батыс бөлігінен жаңбырға қаныққан қалың бұлт қарайып көрінеді. Тек тас төбемде ғана жылдам жылжыған мамық бұлттар балқыған күмістей жалтырап, көз қаратпас сәуле шағылыстырады. Жел үдей түсті, ал қышабастың барлық гүл шоғыры бейтаныс биді сомдағандай асыға тербелді. Көзден таса бозторғайлар тоқтаусыз, құмарта сайрап жатты. Қарасаңыз, найзағай алдында гүлдер де, ну орман да, тіпті мына адам тұрағынан алыс егістік де ән салғандай. Мінекей, көктің қай тұсынан келгені белгісіз, күңгірт кесектер алтын реңді қышабас бұталарының бетін жапты. Бозторғайдың кейбірі өрістің үстінде гүлден-гүлге ұшып-қонып, айналаны толассыз әнге толтырса, қалғаны қанатшаларын жиі қағып, жерден найза бойы көтерілді де, толассыз айтылған мадақтау әнін қосыла шырқады. Нөсер алдындағы қалың бұлт аспанды бойлай торлап, кей жерде іштен қызғандай көкшіл-күрең түске енген, тек орман үстіндегі көгілдір түндіктен ғана жазғы жұпар гүлзарға жылу таратқан күн нұры сарқырамадай төгілуде. Ал кернеуге толы ауада көктерек мамығынан түзілген үнсіз боран құйғытып жатыр. Әне, әлде бір жерде күн құлақ жарардай күркіреп, жаңбырдың алғашқы ірі тамшылары қышабастың алтын гүлдеріне айбатпен соғыла бастады. Нөсер басталған сәтте жан біткеннің бәрі, бүкіл табиғат жеңілдеп бір еркін тыныстағандай, барлық ағаштар мен өсімдіктер, құстар мен жануарлар сорғалаған су құрақтарынан тігілген жайдарман жаңбырға қуанып, мәз-мейрам болғандай әсер алдым. Бетін тұман басқан, бейне бір сұрапыл нөсердің қыспағында қалғандай бірден тынышталған өрістің ортасында мен де, жаңбырда әбден су болғаныма қарамай, адам баласына жылына бір, көп болса екі рет берілетін табиғат дүрбелеңіне күә болу бақытына бөленіп, үнсіз қала бердім. | Entry #18113 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
9 | 1 x4 | 2 x2 | 1 x1 |
| ... Алыстан, орман дәлізінде ол көңілді де әдемі, біркелкі саф алтындай нұр шашып тұрған сияқты көрінді. Мен жақындай түстім: көптен бері жыртылып, дән егілмеген, қалыңнан бойы аласа бұталы өсімдік басқан жападан жалғыз алқап еді.Өсімдіктің ащы әрі гүлді хош иісін сезіндім. «Бұл қышабас қой, — есіме баяғыда оқыған ботаникалық атласым түсті, — арамшөптің бір түрі...». Тірі кілемнің үстімен самал жел жүгіріп өткенде, бүкіл алқап ойнап, алтын толқындар құбыла түсті: орманның күн түсірген көлеңкелі қабырғасына дейін жетіп, қою жасыл және жарқын сары түстің тамсанарлық реңкін түзіп тұрды. «Малахит жақтауға салынған бағалы тасты тостаған секілді» деген салыстыру келді ойыма. Маусымның аптап ыстығында аспанның көгінде кезқұйрық самғап жүр. Ыстық найзағай болатын сыңай білдірді. Көкжиектің батыс бөлігінде жауынмен ісінген алпауыт қара бұлт төніп тұр. Тас төбеде ғана бұлттардың қисық, тез жылжитын шеттері көз шағылыстыратын жарық шығарып, балқыған күмістей жалтылдайды. Жел күшейе түсті, қышабастың гүлдері экзотикалық би билегендей шайқалып тұр. Көзге көрінбейтін көптеген бозторғайлар ынтыға және тоқтамастан шырылдап жатты. Найзағай алдында гүлдер де, орман да ән айтып тұрғандай, ал бұл болса — адам қоныстарынан алшақ алқап. Міне, аспаннан жылы сұр түйіршіктер де түсіп, алтын қышабастың бұталары арасында тұрып қалды. Кей бозторғайлар алқаптың үстінде, гүлден гүлге секіріп, өңірді тынығусыз әнмен шарықтатып жүр. Басқалары болса, қанаттарын жылдам қағып, тігінен көтеріліп, жерден төрт-бес метр жоғары қалқып, өмірдің кереметтігін мадақтап жатыр. Ішінен жалын шығатындай көкті қызғылт жерлері бар найзағай алдындағы бұлттар бүкіл аспанды басып, орманның үстінде ғана кішкентай көгілдір терезе қалғанын байқадым. Ол арқылы жерге тік те кең сарқырама болып күн сәулелері ұмтылып, хош иісті бүкіл жазғы гүлдерді жұмсақ жылы нұрымен қыздырып тұрды. Ал қауырт, электрленген ауада айналада ұшып жүрген көктерек мамықтарының дауылы үнсіз құтырып жүр.Осы кезде бір жерде орасан зор дауыспен найзағай соғып, жаңбырдың бірінші ірі тамшылары қышабас алтын гүлдерінің үстінен ұрып өтті. Нөсер келген кезде, бүкіл тірі табиғат еркін дем алып, иығы босағандай, барлық ағаштар, өсімдіктер, құстар мен аңдар жалтылдаған, абыржыған, жуан су ағындарынан тоқылған жаңбырға қуанғандай болып көрінді. Үсті-басым су-су, бұлтты да тылсым бір күшпен жаншылғандай тынышталып қалған алқапта жалғыз қалған мен табиғаттағы тамаша дүрбелеңді жылына бір, көп дегенде екі рет көру мүмкіндігі берілетін адамның құмартатын бақытынан ләззат алып қана тұра бердім. | Entry #18649 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
9 | 2 x4 | 0 | 1 x1 |
| | | | | X Sign in to your ProZ.com account... | | | | | | ProZ.com translation contestsProZ.com translation contests offer a fun way to take a break from your normal routine while testing and honing your skills with fellow translators.
ProZ.com Translation Contests. Patent pending. |