... Издали, в лесном коридоре, оно показалось веселое и нарядное, сияющее необыкновенно чистой и ровной желтизной. Я подошел поближе: это было заброшенное поле, давно не паханное и не сеянное, и теперь густо заросшее какими-то невысокими растениями-кустиками. От них вдруг дохнуло приятным горьковато-цветочным ароматом. «Да это сурепка, — вспомнил я когда-то читанный ботанический атлас, — что-то вроде сорняка...».
Свежий ветер пробежал над живым ковром, все поле заиграло и запереливалось золотистыми волнами, которые докатывались до затененной солнцем стены леса, образуя удивительный контраст темно-зеленого и ярко-желтого. «Будто драгоценная чаша в малахитовой оправе» — мелькнуло сравнение.
Высоко в знойном июньском небе парил коршун. Жара предвещала грозу. Над западной частью горизонта уже темнела громадная туча, набухая дождем. И только в зените неровные, быстро смещающиеся края облаков ослепительно сверкали расплавленным серебром, источая нестерпимый свет. Ветер усиливался, все соцветия сурепки быстро раскачивались, будто исполняя какой-то экзотический танец.
Звенело, страстно и не переставая, множество невидимых глазу жаворонков. Будто перед грозой пели и цветы, и лес, и это далекое от человеческих селений поле. Но вот теплые серые комочки упали откуда-то с неба и зависли над кустиками золотистой сурепки. Некоторые жаворонки вились над самым полем, перепархивая от цветка к цветку и наполняя окраину неумолчным пилением. Другие, часто трепеща крылышками, поднимались вертикально и зависали метрах в четырех-пяти над землей и также громко славили жизнь.
Предгрозовые облака громоздились по всему небу, кое-где иссиня-розоватые, будто раскаленные изнутри, и я увидел, что над лесом осталось лишь небольшое голубоватое окно, из которого прямым широким водопадом прорывались к земле лучи, заливая теплым мягким светом все летнее благоухающее цветение. А в напряженном, наполненном электричеством воздухе беззвучно бушевала метель из летящего вокруг осинового пуха. Но вот где-то оглушительно ударил гром, и первые крупные капли дождя шумно хлестанули по золоту цветов сурепки. В тот миг, когда пришел ливень, вдруг показалось, что вся живая природа свободно и облегченно вздохнула, что все деревья, растения, птицы и звери обрадовались сверкающему, всполошному, сотканному из толстых водяных струй, дождю.
До нитки промокший, один среди затуманенного и вдруг притихшего, словно бы придавленного стихией поля, я также молча наслаждался упоительным счастьем человека, которому один, от силы два раза в году дано увидеть и ощутить прекрасное смятение в природе. | ...Алыстан, орман дәлізінен қарағанда ол жайдары, көркем, әрі таңғажайып сары түске еніп құлпырып тұрғандай болып көрінді. Мен оған жақындап бардым. Қарсы алдымда тұрған жазықтық - біраз жылдан бері егіс тұқымы себілмеген, ендігі қалың өскен аласа шөп-шаламның мекеніне айналған тастанды егістік болып шықты. Ауада шөптен тараған дала гүлінің ашқылтым иісі аңқып жатты. "Мынау кышабас қой, - дедім кезінде оқыған ботаниканы жадыма түсіріп, - арамшөп тектес өсімдік...". Жанды кілемді жағымды жел тербеп өткен бойда өріс бойы жайқалып, алтын түсті толқындар қою көлеңке бойлаған орман шегіне тіреле, қою жасыл мен ашық сары түстің керемет үйлесімділігін паш етті. Көрініске көз тіккен бойда қиялым "бейне бір зүміретпен көмкерілген алтын тостаған іспеттес" - деп сыбырлағандай. Маусымның ми шыжғырған аптап аспанында лашын құс қалықтап қанатын жайған. Ыстықтың артынан жауын келері аян еді. Көкжиектің батыс бөлігінен жаңбырға қаныққан қалың бұлт қарайып көрінеді. Тек тас төбемде ғана жылдам жылжыған мамық бұлттар балқыған күмістей жалтырап, көз қаратпас сәуле шағылыстырады. Жел үдей түсті, ал қышабастың барлық гүл шоғыры бейтаныс биді сомдағандай асыға тербелді. Көзден таса бозторғайлар тоқтаусыз, құмарта сайрап жатты. Қарасаңыз, найзағай алдында гүлдер де, ну орман да, тіпті мына адам тұрағынан алыс егістік де ән салғандай. Мінекей, көктің қай тұсынан келгені белгісіз, күңгірт кесектер алтын реңді қышабас бұталарының бетін жапты. Бозторғайдың кейбірі өрістің үстінде гүлден-гүлге ұшып-қонып, айналаны толассыз әнге толтырса, қалғаны қанатшаларын жиі қағып, жерден найза бойы көтерілді де, толассыз айтылған мадақтау әнін қосыла шырқады. Нөсер алдындағы қалың бұлт аспанды бойлай торлап, кей жерде іштен қызғандай көкшіл-күрең түске енген, тек орман үстіндегі көгілдір түндіктен ғана жазғы жұпар гүлзарға жылу таратқан күн нұры сарқырамадай төгілуде. Ал кернеуге толы ауада көктерек мамығынан түзілген үнсіз боран құйғытып жатыр. Әне, әлде бір жерде күн құлақ жарардай күркіреп, жаңбырдың алғашқы ірі тамшылары қышабастың алтын гүлдеріне айбатпен соғыла бастады. Нөсер басталған сәтте жан біткеннің бәрі, бүкіл табиғат жеңілдеп бір еркін тыныстағандай, барлық ағаштар мен өсімдіктер, құстар мен жануарлар сорғалаған су құрақтарынан тігілген жайдарман жаңбырға қуанып, мәз-мейрам болғандай әсер алдым. Бетін тұман басқан, бейне бір сұрапыл нөсердің қыспағында қалғандай бірден тынышталған өрістің ортасында мен де, жаңбырда әбден су болғаныма қарамай, адам баласына жылына бір, көп болса екі рет берілетін табиғат дүрбелеңіне күә болу бақытына бөленіп, үнсіз қала бердім. |